05 Ақп 2021
Жаңалықтар

ЖОББ Амангелді Мектеп Балабақшасы нда балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында балалар өкілдігі құрылуда

Балалар өкілдігіне сайланған екі кандидат біріккен жұмыс бағыттарын ұсынады.

✓✓✓Мен Сериков Шыңғыс Азаматович

05.09.2005ж дүниеге келдім. Өзім қазір 9сынып оқушысымын. Мектепте 5сыныптан бері ЖҚИ(ЮИД) командасының тұрақты мүшесімін. Аудандық, облыстық байқаулардың жүлдегері, Республикалық байқаулардың жеңімпазымын. Мен күрес,мәнерлеп өлең оқу, ән шырқау, сахнада түрлі кейіпкерлерді сомдауда үнемі ата—аналарым мен ұстаздардан қолдау табамын. Достарыммен бірге ойлаған армандарыма жетудемін. Менің ойымша әр бала еркін ойлауға, бақытты өмір сүруге, таңдау жасауға құқылы.

Мені соңғы кезде БАҚ нан көп естіп көретін буллинг, кибербуллинг мазалайды, өмірде қиын жағдайға түскен балаларға қолдау көрсетіп, олардың мұндай жағдайға түспеуінің алдын алу үшін көмек көрсеткім келеді. Себебі бақытты бала, бақытты болашақ кепілі. Мен досым Алан екеуіміз құрған жоспар бойынша мектептегі оқушылармен жұмыстанамын. Өз құқығымызды және міндеттерімізді қорғауға, сақтауға шақырамын!

✓✓✓Мен Узакбаев Алан Александрович22.06.2005ж дүниеге келіп, қазіргі уақытта Тасқала ауданының Амангелді ОМББК—нің 9а сыныбында білім мен тәрбие алудамын. Жас Ұлан ұйымының Ұланбасымын,ЖҚИ (ЮИД)командасының тұрақты мүшесімін,Республикалық байқау қатысушысы әрі спортқа жақын,күреспен айналысуды жақсы көретін облыс,аудан жеңімпазымын.Сонымен қатар мәнерлеп оқу,драмалық үйірмеге қатысу,олимпиадалар мен ғылыми жобаларда бақ сынау мен үшін үлкен жетістік,еркін таңдау жасаудың белгісі,дамуымның кепілі.

Балалар құқығын қорғау бойынша өкіл болып, мен "Досыңа көмек" жобасын ұйымдастырар едім. Сауалнамалар жүргізіп, көмекке мұқтаж балаларды анықтап, оларға қолдау көрсетіп, ортаға тартып, бос уақытын тиімді өткізуіне көмектесер едім. Менің ойымша қиын жағдайға тап болған адамның ең жақын адамы ата анадан кейін досы, құрбысы. Жұмысымызды қарапайымнан бастау үшін мен досым Шыңғыс екеуіміз бірлесе құрған жоспарды жүзеге асырамыз. Себебі мен оған сенемін.

Құретті достар! Сіздерді қолдау көрсетуге шақырамыз!!!