05 Ақп 2021
Жаңалықтар

Адам үшін – отбасы ең құнды және маңызды орта

Адам үшін –отбасы ең құнды және маңызды орта. Бұл ортада адам өмірге келген соң өседі, дамиды және тәрбие алады.Отбасы күні құтты болсын! Әр отбасында береке, махаббат, сыйластық, татулық ұяласын! Балаларымыз бақытты болсын!

Отбасы апталығына арналған шаралар ЖОББ

Амангелді Мектеп Балабақшасы

нда биыл қашықтықтан өткізілуде. Оқушылар мен ата-аналар белсенділік танытып "Менің бақытты отбасым" тақырыбында суреттер салса, Аудандық ішкі саясат бөлімі ұйымдастырған "Отбасымен пісірілген ас" байқауға 1 сынып оқушысы Гильманова Аиданың отбасы қатысып 2орын алды. Бейнеролик дайындап, отбасымен жұмыстанған тәлімгер Акжигитова Д.У. бұл бағыттағы жұмысын жалғастырып "Анаммен бірге пісірген ас" мектепшілік эстафетасын өткізеді. "Әкенің қолқанаты" бейнекөрмеге оқушылар мен әкелер сәуір- мамыр айларында белсенді қатысса, қазір жалғастырылуда. Алдағы апта отбасы құндылықтарына арналады. Барлық оқушылар мен ата-аналарымызды белсенді қатысуға шақырамыз! Отбасымыздың берік, тату болуы, балаларымыздың бақытты болуы өз қолымызда! Ұядан не көрсе, ұшқанда соны істейді демекші балаларға үлгі болайық! Сонда еліміздің де іргесі берік, ортасы мықты, тұғыры биік, ғұмыры ұзақ, тәуелсіздігі мәңгі болады. Мықты мемлекетті құрайтын-мықты отбасы!

Жанашырлыққа - жан риза»

«Жанашырлыққа - жан риза» деген аталы сөз қашан да өз бағасын жоғалтқан жоқ. Себебі оны жоғалтпайтын атымтай жомарт азаматтар бар. Көпбалалы, аз қамтылган отбасы балаларының жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу - әрбір адамның азаматтық парызы . Қазір еліміздегі пандемия жағдайында көптеген ер азаматтар жұмыссыз қалып, табыс көзінен айырылып отырған кезде дәстүрлі “Мектепке жол» акциясы аясында, осындай қасиетті адамдардың қамқорлығын көреміз.

Республикалық «Мектепке жол» акциясына жыл сайын мектебіміздің ұстаздары, кәсіпкер азаматтар, мекемелер қызметкерлері атсалысып келеді. Яғни, дүкендер,ата-аналар қоғамдастығына, демеушілерге таратылган үндеу хаттар өз иелерін тапты.

Атап айтсақ, ауылдағы емхана, кітапхана, әкімдік мекемесі қызметкерлері, РЭС, су ,газ жұмысшылары «Шежін» ЖШС басшысы Федосов В.Н. , ГКС-4 мекемесі жұмысшылары және жеке шаруашылық қожалық иелері, Сүндеткалиев Аймырза, Сапенов Сержан, «Еңбек» жеке шаруашылық қожалық иесі Дуйсенгалиев Жасұлан, жеке кәсіпкерлер Сергазиева Зульфия, Рисова Жанна, жеке азамат ретінде Макимов Дастан деген азаматтар мен азаматшаларымыз балаларды мектепке әзірлеуде мұқтаждығы бар жандарға қамқорлық жасап, демеушілік көмек көрсетіп, қол ұшын беруде. Қамқорлық кеңес және комиссия мүшелерімен шешім қабылданып,жиналған қаржыға аз қамтылган және әлеуметтік жағдайы төмен 13 отбасында тәрбиеленуші 33 оқушыға мектеп формасы мен оқу құрал-жабдықтары алынып берілді.

Мен барлық аз қамтылған, көп балалы,толық емес отбасы ата-аналар атынан осы азаматтар мен азаматшаларға және Амангелді мектебінің ұжымына ризашылығымды білдіремін! Біз біргеміз!

Козыбаева Н.М.

" ЖББ Амангелді "ОМББК" бала құқығын қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторы

ЖББ Амангелді орта мектеп-бөбекжай-бақшасында "Білім Және Ғылым: ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ "тамыз педагогикалық кеңесі өткізілді. Кеңесте оқушыларға білім мен тәрбие беруде нәтежелі жұмысы үшін бірқатар мұғалімдер марапатталды;

Койшығалива Венера Қайыровна-Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігінің Құрмет грамотасы

Дарменова Ботагөз Темиржановна - Республикалық "Білім беру саласының білікті ұстаз республикалық байқау "жеңімпазы.

Айнур Жанзаковна -облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасы

Шакирова Марал Сериковна және Қозыбаева Нұрбақыт Мерекеевна Аудан білім бөлімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Мараппаттарыңыз құтты болсын!!!

"Taza Qazaqstan" жобасы аясында "Таза жағалау" облыстық экологиялық акциясы шеңберінде ұйымдастырылған сенбілігіне Амангелді мектебінің ұжымы белсене қатысып, Шежін өзенінің жағалауын тазалауда өз үлестерін қосты.

"Абай сырлы әлемі" атты Абайдың қара сөздеріне, лирикалық табиғат шығармаларына арналған ЖББ Амангелді мектеп оқушыларының мектепішілік қашықтық иллюстрациялар сайысының қатысушылардың жұмыстары

#Bilimbasqarmasy

#Abai

#Абай175