10 Қырқ 2022
Жаңалықтар

Мектебімізде 1- қыркүйек Білім күніне арналған 1-ші сыныптың Алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтті

Мектебімізде 1- қыркүйек Білім күніне арналған 1-ші сыныптың Алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтті.
Мақсаты: Білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, сезіну білімге деген құштарлығын арттыру, еліміздің білімді, тәрбиелі азаматын елжандылыққа тәрбиелеу. Мектеп директоры Габдуллина А.А.,Амангелді ауылдық округінің әкімі Галиева С. М., Тасқала аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Габбасова Л.Д., ардагер ұстаз Уразалиева А.Н. құттықтау сөз сөйлеп, бүлдіршіндерге сәттілік тіледі. Салтанатты шара барысында 11 сынып оқушылары атынан мектеп табалдырығынан алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндерге сыйлық таратылды. Салтанатты шараның сәні жәнеде бүлдіршіндеріміздің көптен күткен сәті алғашқы қоңырау соғу рәсімі 11сынып оқушысы Сержанов Ерсултан мен Муханбетжанов Назар және Кенжегерей Мөлдірге табысталды. Жаңа 2022-2023 оқу жылында ұстаздар мен оқушыларға сәттілік тілейміз.