Бүгін сағат 7-00да №327 дауыс беру учаскесінде "AMANAT" партиясы қоғамдық бірлестігінің атынан партия өкілі ретінде жұмысымды бастадым. Референдум ауылдағы азаматтар үшін үлкен мейрам ретінде өтіп жатырғаны байқалды.Көңіл күйлері, бір-біріне жылы тілектері, ақсақалдардың жастарға ризашылығын байқадым. Референдумның алғашқы 20минутында 42 азамат дауыс берді. Ашылу салтанатында мемлекеттік Гимн орындалып,ардагер ұстаз Маширов Тельман Гумарович, алғашқы рет дауыс беруге келген Мамбетов Аңсар құттықтау сөз сөйледі. Референдум комиссиясының төрайымы Мажитова С. Г. референдумға дауыс беруге бірінші болып келген Кумыскалиев Насипжан ағаға, ардагер ұстаз Машировқа Т. Г., алғаш рет дауыс беруге келген Мамбетовке А. Ж. естелік сыйлықтар табыстады. Ауыл азаматтары референдумға белсенді қатысуда, отбасы мүшелерімен бірге келіп дауыс беруде.
http://amangeldi.taskala-bilim.edugov.kz/kz/zhanalyq-amangeldi/14377-referendum-auylda-y-azamattar-shin-lken-mejram-retinde-tip-zhatyr-any-baj-aldy.html#sigFreeIde2c8b41485