30 Мамыр 2022
Жаңалықтар

" ТАРИХ.ДАМУ.БОЛАШАҚ" форумы

 
Мектеп-болашақ негізін қалыптастыратын,ел мерейін сақталатын, тұлғалар баптайтын құтты мекен, алтын ұя. Кез келген мектептің, кез келген ауылдың өз тарихы бар. Тарих дегеніміз мектебіміздің өткені, бүгінгі күні, болашағы.Мыңдаған ауыл мектептің бірі - талай қыранды қанаттандырған "Амангелді мектеп-бөбекжай-балабақша кешені" биыл 40 жылға толды. 30 сәуір күні мектебіміздің мерейтойына арналған "ТАРИХ.ДАМУ. БОЛАШАҚ" атты форум ұйымдастырылып өтті. Форумға аудан әкімі Айтмағамбетов Б.Е., " AMANAT" аудандық партиясы филиалының атқарушы хатшысы Жұбанышқалиева Л.Ә., аудандық білім бөлімінің басшысы Касимова А.К., ауыл әкімі Галиева С.М., мектеп басшылары, ардагерлер-ұстаздары, ауыл ақсақалдары, мекеме басшылары,ұстаздары, "Ақмаржан" әжелер ансамбль мүшелері, 40,35,30,25,20,15,10,5 жыл бұрын мектеп бітірген түлектері қатысты. Барлық шақырылған қонақтар түрлі түсті шарф арқылы 5 топқа бөлінді. Мектеп директоры Габдуллина А.А. форумды ашып, мектепті мерейтойымен құттықтады. Сондай-ақ,өткізілетін шараның бағдарламасымен таныстырып, барлығына сәттілік тіледі. Форум бағдарламасы бойынша 1-ші бөлімде қонақтарға "Мектеп-білім бесігі" квест ұйымдастырылды . Қонақтар 6 аялдамаға маршрут парақтары арқылы барып, қазіргі таңда мектеп өмірімен, тынысымен танысты:
1. "Алтын ұя мектебім" деректі фильмді тамашалау
2."Тірі бұрыш", "Заманауи зертхана"
3. "Бастауыш-білім бастауы"
4." Балалық шаққа саяхат" балабақшаға саяхат
5."Өнер" бірлестігінің шығармашылығы
6.Мектеп музейіне саяхат
Квест өте қызықты, мазмұнды, жоғары дәрежеде өтті.
2-ші бөлімінде форум "Алтын ұя мектебім" мерекелік концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты. Концерттің басында бір топ ұстаздары ерен еңбектері үшін аудан әкімі, ауыл әкімі, "AMANAT"партиясы, аудандық білім бөлімі, мектеп директоры атынан алғыс хатпен марапатталды. Сонымен қатар, мектеп директоры Габдуллина А.А. мектебімізге үнемі демеушілік көмегін көрсететін Федосов В.Н., Мажитов Б.И., Сергазиева З.Ш., Хальбеков Ә.Х. азаматтарына алғысын білдірді. Мектебіміздің іргетасын қалаған, ұзақ жылдар шәкірттеріне сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, адал еңбек пен парасаттылықтың үлгісі атанған ардагерлер-ұстаздары қошеметпен ортаға шақырылды. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Жоламанов Ж.Қ. сөзіне жазылған барша ұстаздар ұжымы Мектеп Гимнін орындады. Оқушылар Кеңес Одағы кезінде Пионер ұйымын еске түсіріп, барабан соғып, ортаға сол кездегі КМУ(жас мамандар клубы) және "Глобус" КИД (интернационалдық достық клубы) жетекшілерін шақырды.Олар: Жұбанышкалиева Л.Ә. мен Койшыгалиева В. К.
Концерттік бағдарламасында жиналғандар алдында мектеп оқушылары көркем сөз оқып, күй шертіп, ән салып, би билеп, өнерін көрсетіп көпшіліктің ықыласына бөленді. Жас маман клуб мүшелері ардагер-ұстаздарға өлең жолдарын арнап, ұстаздық жолында мектеп туын биік ұстауға ант етті. Мектеп түлектері мектепте өткен оқу жылдарын, қызықты де көңілді сабақтарын, мектеп оқиғалар мен шараларды ыстық ықыласпен, алғыс сезіммен еске алды. Мектепке, ұстаздар қауымына жылы лебіздерін білдіріп, сыйлықтарын табыстады.Мектеп атынан барша келген қонақтарға естелік сыйлықтар, гүл шоқтары үлестірілді. Форум мектеп асханасында мерекелік
дастарханның басында жалғасын тапты.
"Тарих.Даму.Болашақ" форумын ұйымдастыруға жан-жақты көмек көрсеткен: ауыл әкімі С.Галиеваға, ауылдық кітапхана қызметкерлеріне, "Ақмаржан" әжелер ансамбль мүшелеріне, "Тірі табиғат" бұрышын жасақтауға көмек көрсеткен ата-аналарына, Хальбековтар отбасына, ауылдық мәдениет қызметкерлеріне, атсалысып келген барша қонақтарға алғысымызды білдіреміз!
Мектеп директоры бастаған ұжымның үйлесімді жұмысының арқасында мектептің мерейтойына арналған форум жоғары деңгейде өтті.
Сүйікті мектебімізді шын жүректен айтулы мерейтойымен құттықтаймыз! Мектеп әрі қарай өсіп-өркендеуіне, ұстаздардың кәсіби жеңістеріне жетуіне, оқушылардың білімге деген құштарлығының арта түсуіне тілектеспіз. Дамы, гүлден, Амангелді мектебі!