Амангелді "мектеп-бөбекжай-балабақша" кешенінің 7, 9 мамыр мерекелеріне және ҚР Ұлттық Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жылдығына арналған 1-10 сыныптар аралығында ашық тәрбие сағаттары оздырылды.Мақсаты: «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу. Оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.