15 мамыр-халықаралық отбасы күніне орай "Амангелді мектеп-бөбекжай-балабақша" кешенінде" Балалар жылына" орай, ата-аналарға "Отбасы-бақыт мекені" атты ашық есік күні ұйымдастырылды.Мақсаты: мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастығын арттыру, отбасылық құндылықтарын насихаттау; бала тәрбиелеуде ата-аналарға әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету, кеңес беру; мектеп тыныс-тіршілігімен таныстыру.
Аталмыш шараға барлығы 54 ата-ана қатысты. Олар бірнеше топ болып, 6 аялдамаға тоқталды:
1. Мектеп музейі аялдамасы
2."Бастауыш-білім бастауы" аялдамасы
3. "Өнер" әдістемелік бірлестігі
4."Алтын ұя мектебім" кинозал аялдамасы
5."Заманауи зертхана" аялдамасы
6.Әлеуметтік педагог, психолог аялдамасы
Ата-аналар үлкен қызығушылықты танытып, әр аялдама аясында өткізілген тренинг пен әр түрлі әдістерге белсене қатысты. Кері байланыс кезінде "Тілек бұрышына" өз тілектерін, ұсыныстарын жазып, квесттен алған әсерімен бөлісті.
View the embedded image gallery online at:
http://amangeldi.taskala-bilim.edugov.kz/kz/zhanalyq-amangeldi/14289-314532452.html#sigFreeId76e6d1b93e
http://amangeldi.taskala-bilim.edugov.kz/kz/zhanalyq-amangeldi/14289-314532452.html#sigFreeId76e6d1b93e