"Ашық әкімдік" фронт офистің жұмыстарымен таныстыру үшін "Ашық есік күні" іс- шарасы іске асырылды. 10- 11 сынып оқушылары Амангелді ауылдық селолық округінің әкімі Галиева С.М. және әкім аппаратының мамандарымен кездесті. Оқушылар кездесу барысында мамандардың мамандықтары туралы мәлімет алып, сұрақтарын қойып, болашақта қандай маман иелері болатынын айтып берді.