04 Сәу 2022
Жаңалықтар

«Патриот» дебат клубы мүшелерімен «Кімге алғыс айтар едіңіз» тақырыбында пікір-талас өткізілді

Амангелді "мектеп -бөбекжай -балабақша" кешенінде Алғыс айту күніне арналған іс-шаралар аясында
«Патриот» дебат клубы мүшелерімен «Кімге алғыс айтар едіңіз» тақырыбында пікір-талас өткізілді. Пікірталас мақсаты: өскелең ұрпақтың қазақстандық патриотизмі мен азаматтылығын қалыптастыру; оқушылардың бойында жауапкершілік, туған өлке мен елдің мәселелерін талқылауға және шешуге қатыстылық сезімін тәрбиелеу; республикадағы пікірсайыс қозғалысын дамыту, насихаттау және қолдау.
Сондай- ақ, пікір -талас үстінде оқушылардың жинақталған білім қоры, дүниетанымы айқындалып сөздік қоры мен шешендік қабілеті дамытылады.