04 Сәу 2022
Жаңалықтар

Бүгін Амангелді мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінде жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті

Бүгін Амангелді мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінде жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың І бөлімде ДТІЖО Дарменова Б.Т.және сынып жетекші Шайхиева С.Г. ата-аналармен "Білім сапасын көтерудегі ата-ананың рөлі қаншалықты? семинар-практикумды ұйымдастырды. Семинар барысында ата-аналармен топтық жұмыс ұйымдастырылды."Баланың білім сапасын көтерудегі ата-ананың рөлі" , " Білім сапасына әсер ететін факторлар", " Білім сапасын көтерудегі оқушының рөлі", " Ата-ана мен мектеп байланысы", " Білім сапасының төмендеуіне байланысты отбасылық жағдайдың әсері" тақырыптар талқыланды. Мектеп психологы Сержанова А.Ж. ата-аналармен психологиялық тренингті өткізіп, кеңестерін берді. ІІ бөлімде ата-аналар ІІІ тоқсанның оқу-тәрбие қорытындысымен таныстырылды; мектеп -психологы Сержанова А.С. ата-аналарға "Суицид белгілері" өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу бойынша ақпарат берді, жадынамалар үлестірілді ; мектеп кітапханашы Бисенгалиева Г.Е. "Білім-кітапта, күш-білімде" мектепте "Оқуға құштар мектебі" жоба бойынша атқарылған жұмыстарының есебін оқыды; мектеп медбикесі Турегалиева К.З. дұрыс тамақтану, салауатты өмір салтын ұстану, жұқпалу аурулардың, зиянды заттардың алдын алу бойынша жадынамалыр үлестіріп, бейнероликтер көрсетті. Әлеуметтік педагог Ислямгалиева Ж.Б. зорлық-зомбылыққа арналған сауалнамасының қорытындысын айтып кетті, мектепте Медиация қызметімен мақсатымен таныстырды.