14 Нау 2022
Жаңалықтар

1 Наурыз Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне орай мектепте дабыл жүйесі соғылып барлық мектеп ұжымының қызметкерлері мен оқушылар спортзалға жиналды.

 Сынып жетекшілер мен пән мұғалімдері АӘТД пәнінің мұғалімі Ислямгалиев А.Р.-на рапорт тапсырды. Алғашқы медициналық көмек көрсететін жаттығулар көрсетелді, эвакуация кезеңде қажетті ақпарат берілді. Бастауыш сынып арасында өткен "Өрт қауіпсіздігі" сурет байқауының жеңімпаздары мен мектепішілік " Алау" әскери-патриоттық ойынның жеңімпаздары анықталып: І орын-8 сынып, ІІ орын-7 сынып, дипломдармен марапатталды.