28 Ақп 2022
Жаңалықтар

Бүгінгі жәрмеңкеміз алтын ұя мектебіміздің 40 жылдық мерейтойына арнап ұйымдастырылды.

Біздің мектепте бір керемет дәстүріміз бар-жылына бір рет жәрмеңке өткізу. Бүгінгі жәрмеңкеміз алтын ұя мектебіміздің 40 жылдық мерейтойына арнап ұйымдастырылды. Ата-аналар, ұстаздар, оқушылардың қолдауымен мектеп жәрмеңкесі сәтті өтті: тәтті тағамдары, қол өнер, сәндік бұйымдары мен сувенирлер қол жетімді бағамен сатылды. Ең бірінші қолдау көрсеткен ата-аналарға, ата-аналар комитетіне ризашылығымызды білдіреміз! Мектеп пен ата-аналар арасындағы ынтымақтастық, тығыз байланыс жалғасын тапсын. Жиналған қаржы мектептің мерейтойына жұмсалады.