28 Ақп 2022
Жаңалықтар

"Ән-көңілдің ажары", "Алтын жүрек"

"Өзін-өзі тану:Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" дәстүрлі онкүндік жабылу салтанаты аясында мектепте 1-6 сынып оқушылар арасында "Ән-көңілдің ажары" ән байқауы мен "Алтын жүрек" мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайыста оқушылар Абай атамыздың қара сөзін оқып, достық, бейбітшілік, адамгершілік туралы ән шырқады.Балалар өзін-өзі тану пәнінің маңыздылығын сезіне отырып, адам болудың қыры мен сырының үйрететін пән екеніне көз жеткізді. Жүлделі орын алған оқушылар дипломмен марапатталды.