28 Ақп 2022
Жаңалықтар

"Жауапкершілік және жауапсыздық"

Бүгін Тасқала АПБ учаскелік полиция инспекторы Жалмуханбетов Е.Т. "Намыс" ұл балалар клуб мүшелерінің және жоғары сынып оқушыларының құқықтық сауаттылықты арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында "Жауапкершілік және жауапсыздық" тақырыбында дәріс оқыды.
17-23 ақпан аралығында "Түнгі қаладағы балалар" түнгі және күндізгі рейд ұйымдастырылғанын хабарлады, түнгі уақытта тұрғын жайдан тыс жерлерде заңды өкілдерінің еріп жүрмеуінсіз жүретін кәмелеттік жасқа толмағандарды туралы анықталатынын ескертті. Әкімшілік, қылмыстық құқықбұзушылық түрлеріне тоқталды. Мектеп формасын сақталмаған, себепсіз сабақ қалдыратын жағдайда ата-аналарына әкімшілік шара қолданылатын ескертті. Жол ережесі, жолды кесіп өту тәртібі түсіндірілді. Оқушылардың сұрақтарына жауап берді.
Мектеп медбикесі Турегалиева К. З. ер балаларға Наркобекет жоспарына сай "Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде" тақырыбында нашақорлық, маскүнемдік, никотиннің зиянды әдеттерге жол бермеу жөнінде дәріс оқыды.
Кездесу барысында көтерілген мәселелерді ДТІЖО Дарменова Б.Т. қорытындылап түсінік жұмыстарын жүргізген мамандарға алғысын білдірді.