Амангелді «мектеп-бөбекжай-балабақшасында» "Өмірді таңда" айлық аясында жасөспірімдер арасында деструктивті діни ағымдар идеологиясына қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында 9 сынып оқушыларына «Көркем мінез», «Садақаның пайдасы», «Хәкім Абай», «Сиқырлы кітап», «Ұстазсыз шәкірт», «Сириядан оралған азаматтың тәубесі» атты қысқаметражды бейнероликтер көрсетілді. Бұл роликтерді Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасы дайындаған.Көрсетілімнен соң оқушылармен дінтану пәні мұғалімі Ислямгалиева Ж.Б. оқушылардың пікірлерін тыңдап сұрақтарға жауап берді.