"Амангелді "мектеп-бөбекжай-балабақша" кешенінде" мектебіміздің педагог-психологі Сержанова А.Ж. "Сенімділік күш береді" тақырыбында тренингтік сабақ жүргізді. Сабаққа 8-10 сынып оқитын аудандық олимпиадаға қатысушы оқушылары қатыстырылды. Сабақ мақсаты: оқушылардың өз-өзіне деген сенімділіктерін арттыру.
Оқушылармен сабақ барысында "Допты жалға", "... мен саған сенемін" т.б. тренингтері өткізіліп, сенімділіктің адам өмірінде маңыздылығы туралы әңгіме жүргізілді. Сабақ соңында оқушылар "Сенімділік тұмары" жаттығуына қатысып, өздеріне жеке "тұмар" жасап алды.
Жүргізілген шара барысында оқушылардың сенімділіктері мен өз-өзін бағалау деңгейлері қалыпты екені анықталды.