"Амангелді "мектеп-бөбекжай-балабақша" кешенінде" мектебіміздің педагог-психологі Сержанова А.Ж. "Өмірге "Иә" деп айт!" науқанының жоспарына сай 10-11 сынып оқушыларымен "Құндылықтар дүкені" ойынын өткізді. Ойынның мақсаты: оқушылардың өмірге деген жағымды көзқарастарын қалыптастыру; материалдық емес, рухани құндылықтарға мән беру керек екенін түсіндіру; уақыт тез өтіп жатқанын, жақсы істер жасап жүру қажет екенін ұғындыру.
Оқушылар ойынға үлкен қызығушылықтарымен қатысты. Ойыннан кейін оқушылармен қандай құндылықты алып үлгергендерін, қандай құндылықтарға қол жеткізе алмай қалғандары бойынша талқылау жүргізілді.Әңгіме барысында оқушылардың өмірге деген көзқарастары жағымды екені, еш өкініш сезінбейтіндері анықталды.
Ойынды талқылаудан кейін оқушылар "Өмірлік тұмар" жаттығуына қатысып, өздеріне жеке "тұмар" жасап, жазған армандарының бірін сыныпқа оқыды.
Жүргізілген шара барысында оқушылар болашақтары жарқын болатынына сенімді екені анықталды.