Бүгін 15 ақпан ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 33 жыл толуына орай мектепте "Ауғанстан ақиқаты" атты жауынгер интернационалистермен кездесу кеші өтті. Олар:Тулеушев Нұрболат Дүйсенғалиұлы, Медекенов Нұрлан Рахметоллаұлы және тәжік-ауған шекарасында әскери борышын өткен Медекенов Бақыт Рахметоллаұлы, Алдабеков Сәтпай Төлегенұлы. Сонымен қатар, аталған шараға Амангелді ауылдық селолық округі бас маманы Бектемисов С.Б., ауыл кітапхана меңгерушісі Искалиева Г.С.,ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлері қатысты.Кездесу барысында жауынгер-интернационалистер оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет берді, ашық әңгімелесіп, сұхбаттасты.Оқушылар ағаларға арнап өлең оқып, патриоттық, Ауғанстан туралы әндер шырқалды, бейнефильмдер көрсетілді. Шара мектеп музейінде жалғасын тапты. Бұл кездесу оқушылар үшін үлкен тәрбиелік мәні зор мағыналы іс-шара болды.Бүгін өзімізбен бірге еліміздің абыройын асқақтатуға атсалысып жүрген ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп-құрметтеу - біздің борышымыз. Келген қонақтарға алғысымызды айтамыз, дендеріңе саулық, ұзақ ғұмыр тілейміз!