09 Ақп 2022
Жаңалықтар

2022ж 4 ақпан күні ДТІЖО Дарменова Б.Т. және тәлімгер Сапенова А.С. "Бүгінгі оқушы-ертеңгі студент,болашақ маман" атты студенттермен кездесу кешті ұйымдастырып өткізді. Кештің мақсаты: мамандық таңдау кезінде тұрған оқушыларға кәсіби бағыт-бағдар беріп, т

2022ж 4 ақпан күні ДТІЖО Дарменова Б.Т. және тәлімгер Сапенова А.С. "Бүгінгі оқушы-ертеңгі студент,болашақ маман" атты студенттермен кездесу кешті ұйымдастырып өткізді. Кештің мақсаты: мамандық таңдау кезінде тұрған оқушыларға кәсіби бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу. Өз пікірін еркін айтуға, басқасын пікірін сыйлай білуге,жүйелі ойлауға баулу. Оқушылардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастырып, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Іс-шараға 9-11 сынып оқушылары мен студенттер(мектеп түлектері-2017,2018,2020,2021) және ұстаздар қатысты. Студенттерге сұрақтар қойылып, мектеп тренері Козыбаева Н М.коучинг ұйымдастырды. Оқушылар мен студеннтер арасында пікірталас оздырылды. Студенттерге позитивті көңіл- күй қалыптастыру мақсатында мектеп психологы Сержанова А.Ж. тренинг өткізді, 9-11 сынып оқушылар мен сынып жетекшілері ойындар ұйымдастырды және мектеп оқушылар өнерін көрсетті. Кештің соңы би кешімен аяқталды.