"Амангелді "мектеп-бөбекжай-балабақша" кешенінде "Қундылыкка негізделген білім" жоба аясында мектебіміздің педагог-психологі Сержанова А.Ж. мектептің жұмыс жоспарына сай 9 сынып оқушыларымен "Бауырмалдылық - маңызды қасиет" тақырыбында іс-шара өткізді. Іс-шара "Амандасып алайық..." амандасу жаттығуымен басталып, "Бауырмалдылық деген не?" тақырыбында әңгімемен жалғасты. Оқушылар бұл тақырыпта өз ойларын ортаға салып, қойылған сұрақтарға толық жауап беріп отырды. Қатысушылар екі топқа бөлініп, бауырмалдылық туралы мақалдардың мағынасын ашу мақсатымен постер дайындап, өз жұмыстарын топпен қорғады. Интербелсенді тақта арқылы қойылған викториналық сұрақтардың барлығына оқушылар жауап бере алды. Оқушыларға "Бауырмалдылықты арттыру" тақырыбында кеңестер беріліп, талдау жұмысы жүргізілді. Сабақ "Сыйлығыңды қай бауырыңа сыйлап, қандай тілек айтар едің?" деген жаттығумен аяқталды.
Оқушылар шараға қызығушылық танытып, белсенді қатысты.
View the embedded image gallery online at:
http://amangeldi.taskala-bilim.edugov.kz/kz/zhanalyq-amangeldi/13222-bauyrmaldyly-ma-yzdy-asiet-ta-yrybynda-is-shara-tkizdi.html#sigFreeIda30c748bb2
http://amangeldi.taskala-bilim.edugov.kz/kz/zhanalyq-amangeldi/13222-bauyrmaldyly-ma-yzdy-asiet-ta-yrybynda-is-shara-tkizdi.html#sigFreeIda30c748bb2