01 Ақп 2022
Жаңалықтар

"Бауырмалдық - құнды қасиет" атты тренинг өткізілді

Амангелді МББК-де бүгін, 27.01.күні "Құндылықтарға негізделген білім" жобасы бойынша "Шабыт" жас мамандар мектебінің мұғалімдері үшін "Бауырмалдық - құнды қасиет" атты тренинг өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты: жас мамандарға бауырмалдық ұғымының маңызын аша отырып, мейірімділік, қамқорлық қасиеттерін дамыту болды. Жауапты ұстаздар - қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Бексейтова Венера Насибуллаевна және бастауыш сынып мұғалімі Ергалиева Алия Аманжоловна жас мамандармен бірге түрлі тапсырмалар арқылы бауырмалдық құндылығының мәнін аша отырып, бір-бірімен, айналасындағы адамдармен қатынастарын қалыптастыруға үйретті.