Таңертеңгілік кем дегенде 10 минут дене жаттығуымен шұғылданған адам күні бойы өзін сергек әрі көңілді сезінеді. Таңғы жаттығулар кезінде адамның миында сан мыңдаған үдеріс алмасып жатады.Ми дене қимылдарының әрекетін күйзеліс ретінде қабылдап, оған қарсы күрес жүргізе бастайды.Осындай мақсатымен Амангелді МББК-де сабак басталмастан бұрын мектеп спортзалында Спорт және салауатты өмір салты фракция мүшелері таңғы жаттығуларды ұйымдастырады. Денсаулықтың баға жетпейтін басты байлық екенін ескерсек, арайлап атқан әр таңымызды дене жаттығуымен бастау арқылы өмір сапасын арттыруға, айналамыздағы адамдарға қуанышты көңіл-күй сыйлап, жемісті де еселі еңбек етуге болатынын жадымыздан шығармайық
http://amangeldi.taskala-bilim.edugov.kz/kz/zhanalyq-amangeldi/13162-123131231123.html#sigFreeId07e152d5a6