27 Қаң 2022
Жаңалықтар

«Ұшқыр ой алаңы»

  Амангелді "мектеп -бөбекжай -балабақша" кешенінде «Ұшқыр ой алаңы» атты 9-11 сынып оқушылары арасында өткізілетін республикалық пікірсайыс турнирінің
мектепішілік іріктеу кезеңі өтті.
«Патриот» дебат клубы мүшелерімен «БП: Ақпараттық технологияның бала санасы мен тәрбиесіне ықпалы бар деп санайды» атты пікір-талас өткізілді. Пікірталас мақсаты: өскелең ұрпақтың қазақстандық патриотизмі мен азаматтылығын қалыптастыру; оқушылардың бойында жауапкершілік, туған өлке мен елдің мәселелерін талқылауға және шешуге қатыстылық сезімін тәрбиелеу; республикадағы пікірсайыс қозғалысын дамыту, насихаттау және қолдау.
Сондай- ақ, пікір -талас үстінде оқушылардың жинақталған білім қоры, дүниетанымы айқындалып сөздік қоры мен шешендік қабілеті дамытылады.