Амангелді МББК ұжымы үлкен құрметпен мектеп директоры Анара Адиетовнаны мерейлі 50 жасымен құттықтайды!
Анара Адиетовна білімді маман, шебер ұйымдастырушы, шығармашыл педагог, креативті көшбасшы ретінде өзін таныта білген тамаша адам. Еңбек жолында пән мұғалімі, тәрбие жұмысын ұйымдастырушы, ЖОО оқытушысы, экономист, оқу ісінің орынбасары ретінде шыңдалып, тәжірибе жинақтап, өзінің мектебін алға бастайтын басшы атанды. Еңбегіңіз жемісті болсын! Сіз басқарып отырған үлкен ұжымымыз дами берсін! Деніңіз сау, отбасыңыз аман болсын!