12 Қаң 2022
Жаңалықтар

Бастауыш сынып мұғалімі Козыбаева Нурбакыт Мерекеевна республикалық "ҮЗДІК ПЕДАГОГ-2021"байқауының жеңімпазы атанды

Әріптесіміз жеңіспен оралды.

"Амангелді" мектеп-бөбекжай-балабақша"кешенінің мектеп тренері, бастауыш сынып мұғалімі Козыбаева Нурбакыт Мерекеевна республикалық "ҮЗДІК ПЕДАГОГ-2021"байқауының жеңімпазы атанды.

Нұр-Сұлтан қаласында "BILIM-ORKENIETI" ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМИ- ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ ұйымдастырған Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты бағдарламалық мақаласын білім беру ұйымдарының педагогтары арасында кеңінен насихаттау мақсатында республикалық конференция өтті.

Аталмыш жиынға елдің түкпір-түкпірінен білім саласының дамауына үлес қосып жүрген ұстаздар қатысты.

"ҮЗДІК ПЕДАГОГ-2021" атты байқаудың қорытындысы бойынша әріптесіміз Козыбаева Нурбакыт I дәрежелі дипломмен марапатталды.

Сондай-ақ "ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ САЛАСЫНА ҚОСҚАН ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН" төсбелгі мен үздік педагогтардың жинақ кітабы табысталды.