12 Қаң 2022
Жаңалықтар

5 қаңтар күні мектепте "Ер балалар және қыз балалар тәрбиесі" тақырыбында сынып жетекшілердің әдістемелік отырысы өтті

5 қаңтар күні мектепте "Ер балалар және қыз балалар тәрбиесі" тақырыбында сынып жетекшілердің әдістемелік отырысы өтті. Күн тәртібінде:

1 "Ер бала және қыз бала тәрбиенің ерекшеліктері" коучинг

2."Сырғалым" қыздар клубының жұмысы

3. "Үздік сынып сағаты" байқауына старт беру. Отырыс жаңажылдық тілек шеңберімен басталды, "Мен қандаймын?" тренингпен аяқталды. Коучинг барысында ДТІЖО Дарменова Б.Т. және 7 сынып жетекші Утепова А.А. бейнеролик, топтық жұмыстарын ұйымдастырып, қыз бала мен ер баланың тәрбиесіндегі ерекшеліктеріне тоқталып, ұлттық тәрбиесіне сай қызбала мен ұлбаланы тәрбиелеу, ерте жүктіліктің алдын алу, жыныстық тиіспеушілік туралы, зиянды заттардан аулақ болу жұмыстарының жүргізу сынып жетекшінің міндеттерінің бірі екенін назар аударылды.

Тәлімгер Сапенова А.С. "Сырғалым" клубының жетекші ретінде сынып жетекшілерді клуб атқарылған жұмыстарымен және жоспарымен таныстырды. Қаңтар айында өтетін "Үздік сынып сағаты" байқауына старт берілді.