ЖАҢА 2022 ЖЫЛ!
Ең ерекше сиқырлы сәтте келіп жетті! Жаңа жыл, жаңа күн, жаңа айың,
Қуанышын сыйласын жоқ боп уайым.
Барыс жылы жетелесін мол табысқа,
Нұрын шашын, шырайлы күн мен айың.
Жиырма екінші жыл болсын бақыт жылы,
Әрбір жанның шырқалып ән мен жыры.
Бұл өмірдің сындары байқалмасын,
Жұлдыздайын жарқырап көңіл нұры.
Әрбір жанның орындалсын армандары,
Аман болып отбасы, мал - жандары.
Жаңа жылда жарқырап, жайнай берсін,
Ырзығымен толықсып қолда бары.
Мектебімізде Жаңа жыл мерекесі әр сыныпта жеке аталып өтті.Оқушыларды мектеп директоры Габдуллина А.А., Аяз ата Ақшақар және Барыс жылы құттықтап, оқушылардың тақпақ әндерін тыңдап, сыйлықтарын табыстады.
Келіп жеткен Жаңа жылымыз құтты болсын!
http://amangeldi.taskala-bilim.edugov.kz/kz/zhanalyq-amangeldi/12888-zha-a-2022-zhyl.html#sigFreeIdda3af4a9bf