18 Желт 2021
Жаңалықтар

Бүгін мектепте ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Тәуелсіздік-мақтанышым" атты мерекелік концерт өтті

Бүгін мектепте ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Тәуелсіздік-мақтанышым" атты мерекелік концерт өтті. Салтанатты түрде 1-ші және 5-ші сынып оқушылары "Жас Ұлан"мен "Жас қыран" балалар мен жасөпірімдер ұйымының қатарына қабылданды, ант берді. "Үздік 30 оқушы" аталымына енген үздік, дарынды, белсенді оқушылар марапатталды. Желтоқсан құрбандарды еске алып, оларға тағзым көрсету мақсатында "Ақ гүлдер" акциясы ұйымдастырылды. 5-8 сынып оқушылары тәрбиелік маңызы бар тарихи қойылымдар мен көріністерін ұсынды, патриоттық әндері шырқалды. Мереке қарсаңында ерен еңбектері үшін бір топ ұстаздары мен кіші қызметкерлері марапатталды.
#QAZAQSTAN30