"Амангелді "мектеп-бөбекжай-балабақша" кешенінде" мектебіміздің педагог-психологі Сержанова А.Ж. жұмыс жоспарына сай 8 сынып оқушыларымен "Құқықбұзушылықтан сақ болайық!" тақырыбында іс - шара өткізді. Іс - шара "Болсын десек, достарым..." амандасу жаттығуымен басталып, түс таңдау арқылы оқушылар үш топқа бөлінді. Аталған тақырып бойынша оқушылардың ойларын қозғау мақсатында "Оқушылар арасындағы құқықбұзушылық" тақырыбында бейнеролик көрсетіліп, сұрақтар арқылы талқылау жүргізілді. "Құқықбұзушылық деген не?", "Құқықбұзушылықтың түрлері" және "Құқықбұзушылықтың алдын алу үшін мен не істей аламын?" тақырыптарында әр топ өз постері бойынша жұмыстанып, ойларын ортаға салып қорғады. Іс-шараның ақпараттық бөлімінде слайд арқылы оқушыларға 14 және 16 жастағы жасөспірімдер қандай құқықбұзушылық үшін заң алдында жауап беретіндері және қандай жаза тағайындалатынымен таныстырылды. Шара соңында оқушыларға "Құқықбұзушылықтан сақ бол!" тақырыбында кеңестер беріліп, талдау жұмысы жүргізілді.
Оқушылар шараға қызығушылық танытып, белсенді қатысты.
http://amangeldi.taskala-bilim.edugov.kz/kz/zhanalyq-amangeldi/12737-y-b-zushyly-tan-sa-bolajy-ta-yrybynda-is-shara-tkizdi.html#sigFreeId40b7b15821