Мектепте Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, оқушыларды және ата-аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, спортқа қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, мектеп пен ата-ана арасындағы қарым-қатынасын нығайту мақсатында 2-5 сынып аралығында "Толағай" отбасылық спорт сайысы өтті. Ұйымдастырушылар дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері және тәрбие ісінің жөніндегі орынбасары.
Сайысқа 5 отбасы қатысты. Әр отбасы өзінің командасының аты және ұранымен таныстырды. Сайыс барысында кегли айналып жүгіру, мақалды жалғастыру, кенгуру, доппен секіру, қар жинау, арқан тартыс т.б.көңілді эстафеталар өтті. Қорытындысында: 1орын Тастанбековтар отбасы, 2 орын Байсеуфтар мен Жаксыгуловтар отбасы, 3 орын Тагаев пен Сериковтар отбасылар иеленді.
Құттықтаймыз!
Бұл шараға демеушілік көрсеткен әріптестер Кумыскалиев Е.Н. пен Утепова А. А.-ға мектеп әкімшілігінің атынан алғыс білдіреміз!
#QAZAQSTAN30
http://amangeldi.taskala-bilim.edugov.kz/kz/zhanalyq-amangeldi/12734-tola-aj-otbasyly-sport-sajysy-tti.html#sigFreeIdc5917abee3