18 Желт 2021
Жаңалықтар

"Уақытты тиімді пайдалану" тақырыбында тренинг-сабақ өткізді

"Амангелді "мектеп-бөбекжай-балабақша" кешенінде" мектебіміздің педагог-психологі Сержанова А.Ж. мектепішілік тәрбие жұмыс жоспарына сай 10-11 сынып оқушыларымен "Уақытты тиімді пайдалану" тақырыбында тренинг-сабақ өткізді. Іс-шара "Сағат тілі" амандасу жаттығуымен басталды. Аталған тақырып бойынша оқушылардың ойларын қозғау мақсатында "Уақытты тиімді пайдаланамын деп ойлайсыздар ма?" деген сұрақ қойылып талданды. Және де слайд арқылы "Уақытты тиімді пайдалану кезеңдері мен тайм -менеджмент" тақырыбында толық мәлімет берілді.

Оқушылардың өмірге деген байыпты көзқарастарын қалыптастыру мақсатында " Маңызды уақыт" жаттығуы өткізілді. Оқушылар бұл жаттығуды орындауда терең ой ойлап, үлкен жауапкершілік танытты. Тапсырма орындау барысында оқушылар өздері үшін өмірлерінің маңызды істерін айқындай алды. Сабақ соңында оқушыларға "Уақытты тиімді пайдалану бойынша психологиялық кеңестер" атты жадынама таратылды.
Оқушылар шараға қызығушылық танытып, ойларын ортаға салып, өте белсенді қатысты.