15 Желт 2021
Жаңалықтар

Ермахан Меңдіхан «Nur Otan» партиясының билеттері табысталды

Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты шара өтті. Айтулы шараға аудан әкімі Бауыржан Айтмағамбетов қатысып, құттықтау сөзінде 30 жыл ішінде еліміздің Тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевың басшылығымен еліміздің жеткен жетістіктеріне тоқталды.
Салтанатты шара барысында "Nur Otan"партиясы қатарына алғаш қабылданған ауылымыздың екі жас ұстаздарына жалпы білім беретін Амангелді орта мектеп-балабақша кешенінің мұғалімі Мейірбек Меңдіхан, жалпы білім беретін Амангелді орта мектеп-балабақша кешенінің мұғалімі Ермахан Меңдіхан «Nur Otan» партиясының билеттері табысталды.