Менің есімім Сабиров Нұрбек Хайдарұлы, 1991 жылы Амангелді ауылында өмірге келдім, тәуелсіздік құрдасымын, елімімең өсіп келем. Тәуелсіздік алған жылдан бері еліміз дамып келеді, менің де өмірімде сол кезден көп өзгерістер болды.
Мүғалімдердің отбасында дүниеге келіп,олардың тәрбиесін алдым.Ата-анамның адал еңбек етіп ,биіктерден көрініп жүргендеріне куәгер болып, еңбекқорлық-жетістіктер қупиясы екеніне көзім жетті.Сонымен қатар маған тұлға ретінде әсер еткен атам мен әжем: әрбір оқиғаға байсалды қарап салмақты шешім қабылдауға үйретті.
1997 жылы Амангелді мектебіне 1 сыныпқа бардым.Осы мектепті 8 сынып бітіріп,емтихан тапсырып,2005 жылы Орал қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатына математика және физика бағытына 9 сыныпқа оқуға түстім.2006 жылы мектеп өкілі болып Мәскеу мемлекеттік университетінің жанындағы Колгоморов атындағы мектеп-интернатында физика және математика пәнінен додаға қатысып жүлделі орынға ие болдым .Артынан Мәскеуден мектепке оқуға шақыру келді.
Келісімді беріп 2006-2008 жылдары Колмогоров атындағы мектепте жалпы орта білім алдым.Мектепте оқу кезінде көптеген олимпиадаларға қатысып, жүлделерге ие болдым.
Олимпиадалар қорытындысы бойынша 2008 жылы Мәскеу физика-техникалық мемлекеттік университетіне ("физтех") емтихансыз қабылдандым. 2012 жылы бакалавр дәрежесін алып сол университетке магистратура оқуға шақыру алдым.
2014 жылы магистратураны "Ғылымды қажетсінетін технологиялар және инновациялар экономикасы"мамандығы бойынша бітірдім.
Еңбек қызметін 2012 жылы " Концепт" аналитик орталығында кенесші-аналитик ретінде бастадым
2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Русагро" компаниясында инновация департаментында жоба жетекшісі болып қызмет атқарам.
2017 жылы отбасы кұрдым, жолдасым екеуміз бір ұл тәрбиелеп отырмыз.
Жоспарымда Қазақстанға оралып, бүкіл жинаған жұмыс тәжірибемді тәуелсіз Қазақстанның дамуына табыс ету.
Қазақстандықтарды 30 жылдық мерекесімен құттықтаймын! Жарқын келешекке қол ұстасып бірге жетейік!