25 қараша күні мектепте тәрбие жұмысының жылдық жоспарына сай "Жыл отбасы-2021" отбасылық фестиваль-байқауы өтті. Мақсаты: отбасы тәрбиенің бастауы, бала өміріндегі маңызды өнеге баспалдағы екендігін ескере отырып , отбасымыздағы өнегелі тәлім-тәрбие, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, отбасы тәжірибесін насихаттау, мектеп пен отбасының ынтымақтастығын нығайту. Байқауға барлығы 7 отбасы қатысып, келесі кезеңдерінен өтті:
1."Тегін білу -тектілік" таныстыру кезеңі
2. "Өнерлерінің өрісі кең" өнер көрсету
3."Мақал-мәтел жалғасын тап"
4."Ертегілер еліне саяхат" сахна қойылымы
5."Сән үлгісі" ою-өрнекпен нақышталған сән үлгісі.
Барлық отбасылар жоғары деңгейде дайындық пен шығармашылық ой-қиялымен, үлкен жауапкершілік танытып қатысты.
Әділқазылар алқасының шешімі бойынша: Бас жүлде-Акжигитовтар отбасы; 1-ші орын- Беркімбаевтар отбасы, 2-ші орын- Дүйсенгалиевтер отбасы және Успановтар отбасы; 3-ші орын-Тулеушевтер отбасы, Шуменовтер отбасы және Бақтыгереевтер отбасы иеленді. Барлық қатысушы отбасыларына, дайындыққа көмек көрсеткен сынып жетекшілеріне алғысымызды білдіреміз! Сонымен қатар, қатысушы отбасыларын қолдап, демеушілік көрсеткен мектебіміздің қамқоршылық кеңесінің төрайымы Сергазиева З.Ш., мүшелері Бисалиева Ж.К., Ажгалиева С.Г. және Искалиева Г.С. алғысымызды айтамыз.
Үлгілі, өнерлі, парасатты, шығармашыл, ұйымшыл, тату, дәстүрге берік отбасылармыз көп болсын!
http://amangeldi.taskala-bilim.edugov.kz/kz/zhanalyq-amangeldi/12653-zhyl-otbasy-2021.html#sigFreeIdd1cec49444