15 Желт 2021
Жаңалықтар

Қазақстанның ең ірі, жетекші саяси партиясы – «Нұр Отан»

Қазақстанның ең ірі, жетекші саяси партиясы – «Нұр Отан». Партияның басты мақсаты мен міндеті - азаматтардың мүддесін қорғап, халық пен биліктің арасындағы алтын көпірге айналу; қоғамдық ұйым ретінде халықтың тұрмыс-тіршілігімен етене танысып, мәселелерін билікке жеткізу болып табылады.
1999 жылы негізі қаланған партия өз қатарына миллиондаған қазақстандықты жинады. Партия өз қызметін бастаған жылдар ішінде Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен Қазақстан халқын топтастырудың негізгі тетігіне айналды.
Мен партия қатарына 2004 жылы қабылдандым. Және «Нұр Отан» партиясының әрдайым халықтың пікіріне сүйене отырып, оның мүддесі мен қажеттілігін білдіріп отыратынын істерінің куәсімін.
Партия қатарында менде қоғамды өркендетуге бағытталған экономикалық және саяси реформаларды тез қабылдап; азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеру; Қазақстан Республикасы жас бүлдіршіндері мен жасөспірімдеріне білім нәрін дарытып, отансүйгіштігі мен патриоттық сезімдерін тәрбиелеуге ұстаз ретінде өз үлесімді қосып келемін.