15 Желт 2021
Жаңалықтар

"Нұр Отан"

Мен "Нұр Отан" партиясының алғашқы құрылғанынан бастап мүшесі болып, бұл партияның тың бастамалар көтеріп, өзекті мәселелер шешімдерін тауып жүрген бірден-бір партия деп айта аламын. "Нұр Отан" партиясының басшылығымен көптеген маңызды жұмыстар атқарылды. Жұмыссыздықтың азаюы, кедейшілік деңгейінің төмендеуі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданған әрекеттер, т.б.көптеген игі істердің куәсі болып жүрміз.
"Жұмыла көтерген жүк жеңіл" демекші, еліміздің берекесі мен тыныштығын бұзатын әрбір жағымсыз, дұрыс емес әрекеттерге ешкімнің де бей-жай қарап, қалыс қалмайтыны белгілі.
"Нұротандық" ретінде айтарым -жақсылық, қайырымды істер жасауға асығайық! Сүрінгенді демеп, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын бере білу - әр қазақтың міндеті. Және сондай қолдан келген қамқорлықты жасап, халықты көтермелеп, қай жағынан да қолдау білдіруші - бұл "Нұр Отан" партиясы.
"Біз біргеміз!", "Біз -Нұротандықпыз!"