✓ Сабақты зерттеу – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл.
✓ Ал іс-әрекеттегі зерттеу – осы үдерісті іске асыратын адамдардың өз тәжірибелерін өзгертуі, жүйелі және мұқият зерттеу барысында тәжірибелерін жақсартуы және зерттеу әдістері мен тәсілдерін қолдануы болып табылады
✓ Зерттеу – мұғалімнің кәсіби тәжірибесін дамытудың қуатты құралдарының бірі. Белгілі бір мәселені зерттей отырып, мұғалім өз тәжірибесін жетілдіре алады. Бүкіл әлемде мұғалімдер Сабақты зерттеу мен Іс-әрекеттегі зерттеу тәсілдерін кеңінен қолданып жүр. Бұл үдеріс қазіргі таңда Қазақстан мектептерінде де жүргізіле бастады.
✓ Амангелді МББК-де бұл үдерісті мектеп тренері ретінде Владимирова Ж.В. жалғастыруда.
✓ Курс бағдарламасының негізгі мақсаты : Сабақты зерттеу және Іс-әрекеттегі зерттеу тәсілдерін іске асыру шеңберінде мұғалімдерге өз педагогикалық тәжірибесін бағамдап жетілдіруге, зерттеу дағдыларын дамытуға көмектесу. Курсқа 9 жас маман қатысуда.
✓ Бағдарламаның теориялық бөлімін меңгеріп, тәжірибеге еңгізу жолында тынымсыз еңбек, шыдамдылық пен жауапкершілік, ізденіс пен шығармашылық, табандылық пен тәртіп шыңдалады.
✓Командалық жұмыс пен креативті ойлау, тәжірибе жинау, кәсіби өсу жүзеге асырылады. Жас мамандарға сәттілік!
http://amangeldi.taskala-bilim.edugov.kz/kz/zhanalyq-amangeldi/12650-saba-ty-zertteu.html#sigFreeId825b7d0036