Бүгін педагогикалық еңбек ардагерлерінің кеңесінің төрайымы Ахмедиярова С.Қ. және кеңес мүшелері Койшыгалиева В.К. мен Акжигитова А.А. кеңесінің жылдық жұмыс жоспарына сай мектепте жас мамандармен "Жас педагогтың имиджі" тақырыбында шебер-сыныпты ұйымдастырып өткізді. Мақсаты: жас маманның кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл-күйін көтеру, педагогикалық имидж, этика туралы түсінік беру. Шебер -сынып барысында ардагерлер ұстаздар педагогикалық имиджді және стилін қалыптастыру жолдарын көрсете білді, "педагогикалық этика" ұғымына түсінік берді, бейнеролик көрсетті. Тәрбие ісінің орынбасары Дарменова Б.Т. жас мамандармен қиындықтарын анықтауға сауалнаманың қорытындысымен таныстырды, жас мамандар бейімделулері қалыпты, сәтті өтуде екенін анықталды. Жас мамандар берілген педагогикалық жағдаяттардан бірлесіп дұрыс шешімін қабылдады. Ардагер ұстаздар жас мамандарға кеңес берді
http://amangeldi.taskala-bilim.edugov.kz/kz/zhanalyq-amangeldi/12649-zhas-pedagogty-imidzhi.html#sigFreeId43b95b34a3