«Nur Otan» партиясының “Ардагерлерді ардақтайық» жобасы –ұрпақтар сабақтастығы мен диалог алаңын қамтамасыз ету, қоғамда ынтымақ пен патриотизм, ардагерлерге деген құрметті күшейту мақсатын көздейтін маңызды жобалардың бірі деп есептеймін. Тасқала ауданының білім саласына зор үлес қосқан ардагер ұстазымыз Маширов Тельман Гумаровичті үлгі етіп,мақтан тұтамыз.Ұзақ жылдары мектепте дене шынықтыру ,алғашқы әскери дайындық пәндерінің мұғалімі, мектеп басшысы қызметін атқарып,жас буынға патриоттық, адамгершілік тәрбие беруде адал қызмет еткен ұстаз,сенімді әріптес, білім беру ісінің үздігі ретінде елге танымал маман.Қазіргі таңда мектептегі ардагерлер кеңесінің мүшесі, ауылдық округ бойынша қоғамдық жұмыстардың басында жүретін белсенді азамат. #ArdagerNurOtan #TasqalaNurOtan
25 Қаз 2021
Жаңалықтар