Біз үшін бұл үлкен жетістік, мақтаныш. Олардың кәсіби өсуіне, педагогикалық шеберліктерінің шыңдалуына жауапкершілікпен қарап
«Шабыт» жас мамандар мектебінің жұмысын бастадық.23қыркүйек күні «Жаңғыру жолындағы жас маман» тақырыбында жас мамандарға арналған семинар-коучинг өткізілді. Семинар барысында мектептің педагог-психологы Сержанова А. Ж. психологиялық тренинг-жаттығуларын өткізіп,«Оқушылармен психологиялық жағымды қарым-қатынас құру» тақырыбында жаднама таратты.
Мектеп тренері Қозыбаева Н. М.«Нормативті құжаттармен жұмыс маңызы» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді, нормативті құжаттармен таныстырды. Жас мамандарға тәлімгерлер Нуфтенова Қ. С. мен Бексейтова В. Н.«Сабақ құрылымындағы тиімді әдіс-тәсілдер» және «Критериалды бағалау-табысты сабақ кепілі» тақырыптарында коучинг өткізді.Сонымен қатар рефлексия жасау маңыздылығы туралы түсіндіріліп, практикалық жұмыстар өткізілді.
Венера Насбуллаевна жетекшілік ететін «Шабыт» жас мамандар мектебіне шығармашылық пен нәтижелі жұмыс тілейміз.