23 Қаз 2021
Жаңалықтар

Мұғалімдік мамандық -бұл адамтану, адамның күрделі де, қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесін білу

17 қыркүйек күні Амангелді мектебінде 40 жылдай үздіксіз ұстаздық  қызметін атқарған білгір маман, құзіретті педагог, ұлағатты ұстаз ,  биология пәнінің мұғалімі Акжигитова Алия Аубекеровна мерейлі жасына жетіп зейнеткерлікке шықты. Әрбір адам үшін зейнеткерлікке шығу-өте маңызды және толқытарлық сәт.Атақты педагог Сухомлинский: "Мұғалімдік мамандық -бұл адамтану, адамның күрделі де, қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесін білу"деп осынау  бағаны ұлы педагог еліне еңбегімен сыйлы, өмір жолы жас ұрпаққа өнеге болған абзал жандарға арнап берген болар.Сол жандардың бірі Акжигитова Алия Аубекеровна 17 қыркүйек 1961 жылы ІІ-ші  Шежін ауылында дүниеген келген. 1972 жылы отбасымен Амангелді ауылына қоныс аударып 1978 жылы Амангелді орта мектебін бітірді. Орал қаласындағы А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институтыне түсті.5 жылда институтты тәмамдап Амангелді орта мектебіне химия-биология  пәнінің мұғалімі  болып орналасты.Бала  кезінде ұстаздың түрлі армандары болды, соның ішінде - мұғалім болу. Мақсатына жету жолында аянбай еңбек етіп шәкірттерге  сапалы білім беріп, алған білімдерін өз өмір жолдарында  пайдалана  білуге тәрбиеледі.1982  жылы Амангелді ауылдың тұрғыны Акжигитов Жексен ағамен тұрмыс құрып, дүниеге екі бала әкелді.

Алия Аубекеровна жеткен жетістіктері үшін аудан, облыс, республика көлемінде марапатталды:

2001 жылы Тасқала аудандық білім бөлімінің Алғыс хат; 2012 жылы облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасы; Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық академиясының Алғыс хат; 2016 жылы Тасқала аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасы; аудан, облыс әкімі Алғыс хат; 2019 жылы Білім және ғылым министрлігі Алғыс хат; Амангелді ауылдың 50-жылдыққа орай ауылдық Құрмет тақтасына  орнатылды. Республикалық  "Білім саласының үздіктері" атты энциклопедияға енді.

Алия Аубекеровнаға зейнеткерлік жасында зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, қажымас қайрат, отбасына амандық, табыстар мен игіліктер тілейміз.