23 Қаз 2021
Жаңалықтар

Қымбатты оқушылар, ұстаздар! Құрметті ата-аналар! Білім күні құтты болсын! 

Қымбатты1сынып оқушылары! Тәуелсіздігіміздің 30жылдығымен тұспа тұс келген Алғашқы қадамдарыңыз құтты болсын! Еліміздің туын биік ұстайтын, білімді, тәрбиелі шәкірттер болыңыз! Амангелді Мектеп Балабақшасы на қош келдіңіздер!

Барлық мектеп оқушылары Отанын, тілін, мәдениетін, халқын сыйлап құрметтейтін, заман талабына сай тұлғалар, бәсекеге қабілетті мамандар, отбасында ата-анасын құрметтейтін балалар болатыныңызға сенеміз! Жаңа оқу жылы құтты болсын! Әр шаңырақта береке, амандық, молшылық болсын! Қара шаңырақ мектебіміздің абыройын асқақтатып, білім мен тәрбие беріп жүрген барлық ұстаздарға сәттілік, шыдамдылық, шығармашылық табыс тілейміз! Мектепке келген жас мамандар қатарымызға қош келдіңіздер! Талапты, жалынды жас ұстаздарға нәтижелі еңбек тілейміз!