Бүгін Амангелді ауылында Кеңес Одағының Батыры, жерлесіміз Скоробогатов Анатолий Марковичтің 115 жылдығына арналған митинг, концерттік бағдарлама өтті. Шараға Тасқала ауданы әкімінің міндетін атқарушы Аян Халауедин, өлкетанушы, Тасқала ауданы құрметті азаматы Хисметдинов Галим Гайниевич және ауданымыздың, ауылымыздың ақсақалдары мен тұрғындары қатысты. Қонақтар мен ауыл тұрғындары Даңқ аллеясында орналасқан "Ерлікке өшпес тағзым" және Скоробогатовке арналған ескерткіштерге гүл шоғын қойып, бір минуттік үнсіздікпен еске алып, оқушылардың концерттік бпғдарламасын тамашалады. Сонымен қатар, ауылымыздың мектеп мұражайымен танысты.