Бүгін мектеп ұжымы құрметті зейнеткерлік демалысына тамаша ұстаз, шығармашыл тұлға, білгір маман, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Койшигалиева Венера Хаировнаны шығарып салды.
Ерекше құрметке ие Венера Хаировна мектепте 35жыл тыңбай адал еңбек етіп, шәкірттеріне сапалы білім мен саналы тәрбие берген тамаша ұстаз. Өзінің ерекше стилімен, креативті көзқарасымен, шығармашылық тұлғасымен талай оқушыларды, жас мамандарды тәрбиелеп, бағыттап, өсірді. Бойындағы адамгершілік қасиеттері арқылы әріптестері мен оқушылары, ата-аналар мен ауылдастары арасында үлкен құрметке бөленген ұстаз.
Венера Хаировна! Сізге зор денсаулық, отбасылық амандық, ұзақ ғұмыр тілейміз!
http://amangeldi.taskala-bilim.edugov.kz/kz/zhanalyq-amangeldi/11340-b-gin-mektep-zhymy-rmetti-zejnetkerlik-demalysyna-tamasha-staz-shy-armashyl-t-l-a-bilgir-maman-a-ylshyn-tili-p-nini-m-alimi-kojshigalieva-venera-khairovnany-shy-aryp-saldy.html#sigFreeId98ae6b1885