Бүгін, 18 тамыз күні, "Амангелді мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің мектеп директорының міндетін атқарушы Габдуллина Анара Адиетовна онлайн форматында мектепішілік қамқоршылық кеңес мүшелерін алдында ( қамтылуы 9 кісі) "2021-2024 жылдарына арналған Амангелді мектеп -бөбекжай-балабақша кешенінің даму бағдарламасымен" таныстырды. Даму бағдармасының мақсат-міндеттері, жоспары, болжамы, шешу жолдары анық көрсетілді. Ең алдымен, Анара Адиетовна өткен оқу жылына сараптама беріп, жақсы мен әлсіз жақтарына тоқталып, бағдарлама құрылысымен таныстырып өтті: басым бағыттары, тұжырымдамасы, даму стратегиясы, мониторинг. Габдуллина А.А. кеңес мүшелерін бағдарламаның іске асыру мерзіміне, жеткізу жолдары мен тиісті шараларға назар аударды. Ең соңында мектеп қызметі туралы қорытынды жасап, ықтимал қауіптердің азайту жолдарын көрсетті. Қамқоршылық кеңес төрайымы Сергазиева З.Ш. және кеңес мүшелері таныстырылған мектептің даму жоспарын қолдап Анара Адиетовнаға сәттілік тіледі
http://amangeldi.taskala-bilim.edugov.kz/kz/zhanalyq-amangeldi/11335-b-gin-18-tamyz-k-ni-mektep-direktoryny-mindetin-at-arushy-gabdullina-anara-adietovna-onlajn-formatynda-mektepishilik-am-orshyly-ke-es-m-shelerin-aldynda-amtyluy-9-kisi-2021-2024-zhyldaryna-arnal-an-amangeldi-mektep-b-bekzhaj-balaba-sha-keshenini-damu-ba-darlamasymen-tanystyrdy.html#sigFreeIddde3abd945