12 Тамыз 2021
Жаңалықтар

Бүгін Амангелді Мектеп Балабақшасы үшін ерекше күн болды

Бүгін Амангелді Мектеп Балабақшасы үшін ерекше күн болды. Ұзақ жылдар бойы білім саласында нәтижелі еңбектеніп келген табысты басшы, білгір маман, шебер әрі креативті ұйымдастырушы, сенімді әрі сыйлы әріптесіміз, мектеп директоры Айман Нургалиевна құрметті зейнет демалысына шықты. Мектептің дамуына, ұжымның кәсіби өсуіне бағыт беріп, талаптылық пен еңбекқорлықтың, ізденімпаздық пен жаңашылдықтың туын биік ұстаған қымбатты Айман Нургалиевнаға Үлкен Алғыс білдіреміз.

Сіздің бойыңыздағы адамгершілік қасиеттеріңіз бен байсалды мінезіңіз жас буынға үлгі әрі өнеге деп білеміз! Биік шыңдар мен асуларды бағындыруға ынталандырып, мотивация жасайтын мықты маман ретінде Сізден үлгі аламыз!

Құрметті Айман Нургалиевна! Сізге мықты денсаулық, отбасылық амандық, ұзақ ғұмыр тілейміз!