Амангелді Мектеп Балабақшасының мақтаныштары, түрлі байқаулар мен олимпиадаларда жеңімпаз атанған оқушылары экологиялық білім берудің жалпыреспубликалық апталығы аясында ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арнап мектеп ауласында «Жұлдыздар аллеясы-2021» атты алма ағаштарын отырғызу акциясын өткізді.
Бұл акцияға демеушілік танытқан азамат, халықаралық тәжірибелік коллекциялық бақшаның директоры, өңірімізде алма бағының дамуына үлес қосып жүрген ел жанашыры Қайрат Каримовқа алғысымызды білдіреміз!