Амангелді Мектеп Балабақшасында 28сәуір күні «Әке-отбасы тірегі» тақырыбында әкелер форумы өтті. Мақсаты: балаларды тәрбиелеудегі әкелердің рөлін күшейту, отбасы мен мектеп, арасындағы ынтымақтастықты жандандыру, жасөспірімдер арасындағы бақылаусыздық пен құқық бұзушылықтың алдын-алу жұмыстарына ер азаматтарды тарту, бала бойында тәртіп, жауапкершілік, еңбекқорлық, шығармашылық қабілеттерді, салауатты өмір салтын қалыптастыруда әкелермен тәжірибе алмасу, ойбөлісу
Бағдарламасы:
І бөлім: «Әке көрген оқ жонар»көрме
ІІ бөлім: Диалог алаңы
«Бала тәрбиесіндегі әкелердің рөлі»
Спикер: Мажитов Б.И.
1. «Ер балаларды еңбекпен тәрбиелеу маңызы мен
ерекшеліктері»
Спикерлер: Сундеткалиев А.А.
Беркимбаев Н.Н.
Барлық форумға қатысушылар белсенді қатысып,диалог алаңында бала тәрбиесіне байланысты тәжірибе алмасты.Форум соңында мектепішілік әкелер клубының жұмысы талқыланып, клуб мүшелерінің құрамы толықтырылды.