12 Нау 2021
Жаңалықтар

«Амангелді мектеп-бөбекжай-балабақшасы кешенінде» биылғы оқу жылынан бастап «Патриот» дебат клубы құрылды.

«Амангелді мектеп-бөбекжай-балабақшасы кешенінде» биылғы оқу жылынан бастап «Патриот» дебат клубы құрылды. Клуб мүшелері 9-10 сынып оқушылары, жетекшісі тарих пәні мұғалімі Ислямгалиева Жанна Букенбаевна.

«Патриот» дебат клубының қатысуымен келесі іс-шаралар өткізілді:

Оқушылармен танысу, дебат клубының басшысың сайлау, клубтың жұмысымен таныстыру. Пікірсайыс кезінде оған қатысушылар әр алуан авторлардың көзқарасын талдау арқылы салыстыра білуге, өзіне баға беруге, сын айтуға, өз көзқарасын білдіруге және ғалымдардың пікірін нақтылап, логикалық зерттеуге үйренеді.

Дебат клубы мүшелерін дебат жүргізуге үйрету мақсатында 12 ақпан күні мектепішілік Ұшқыр ой алаңында «Ауыл және қала балаларының айырмашылыгы» атты пікір-талас өткізілді. Пікірталас оқушылардың жинақталған білім қоры, білім сапасы айқындалып сөздік қоры мен шешендік өнерге деген қабілетін дамытуга, шыдамдылыққа, ұстанымдылыққа тәрбиелейді.