Амангелді «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында атқарылған жұмыстар есебі
Амангелді «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені бойынша жыл басында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- шаралар жоспары құрылады. Құжаттардың жүргізілуі, лауазымдық нұсқаулықтардың бұзылмауы ,бұзушылық жіберген тұлғаларға тәртіптік жаза қолдану бақыланады.Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен қолжетімділігіне тұрақты бақылау жүргізіледі.Мектеп сайтына штаттық кесте, ашық бөджет салынады.
Педагогтар мен ата-аналарға, оқушыларға арналған құқықтық оқыту шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған нормативтік құқықтық актілермен таныстыру жұмыстары тәрбие сағаттарында , ата-аналар жиналыстарында, педагогикалық кеңестерде қаралып, хаттамаларына енгізіледі. Қазан айында жалпы мектепішілік ата- аналар жиналысында мектеп директоры «Сыбайлас жемқорлқықты алдын алу - қоғам міндеті» тақырыбында ата- аналарды баяндамамен таныстырды. Қараша айында жалпы мектепішілік ата- аналар жиналысында мектеп директоры 2021-2022 оқу жылындағы қаржылық мәселелердің жағдайын ақпараттандыру туралы есеп берді. Сол сұрақ қамқоршылық кеңесінің отырысында да қаралды.
Мектебімізде тәрбие жұмысын ұйымдастыруға жәрдемдесетін және қатысатын «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы бар. Құрамында 10 оқушы, жетекшісі аға тәлімгер Сапенова А.С. Бұл клубтың мақсаты: аса өнеге, жауапты бастамашыл және әлеуметтік құзырлы азаматты және патриотты қалыптастыру үшін жағдай жасау;Оқушылардың саяси- құқықтық білімін қалыптастыру;Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқының адамгершілік этикалық құндылық негіздерін қалыптастыру болып табылады.
Мектебімізде жоспар бойынша қыркүйек айында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының қызметі ұйымдастырылып, жұмыс жоспары бекітілді. Дәлізге парасатты азаматтық бұрышы жаңартылып ілінді. Жоспарға сай «Адамгершілік және құқықтық мәдениетті арттыру» тақырыбында Ұлан басы Узакбаев А. және Адал ұрпақ клубы жоғары сынып оқушыларына «Құқығым бар» атты сынып сағаты, семинар- тренинг өткізді. Сынып сағаттарында құқық міндеттері талқыланды. Балалар құқытарын қорғайтын Конвенция туралы айтылды. Бала құқығы туралы слайд көрсетіліп, сауалнамалар өткізілді. Адал ұрпақ клубымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» флешмоб өткізілді.
Қазан айында «Жемқорлық індет -жою міндет» акциясы барысында Адал ұрпақ клубы және Жас ұландықтар ауыл тұрғындарына жадынамалар үлестіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы болғанын білдірді.
Қараша айында «Ұрпақтың болашағы адал еңбекте» атты тақырыбында 8-10 сыныптар аралығында эссе жазылды.Эссе жазу барысында келешек ұрпақ үшін аянбай тер төгуіміз керек, өйткені олар бізге қарап бой түзейді, деп өз ойларымен бөліскен.
Желтоқсан айында «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі»атты тақырыбында 5-7 сынып оқушылары арасында сурет байқауы өтті. Оқушылар белсене қатысты. Жоспарға сай әртүрлі акциялар:сурет,эссе,шығарма байқаулары, дөңгелек үстелдер өткізіліп тұрады.
Мектепте «Адалдық дүкені» екінші жыл ұйымдастырылуда сонымен қатар, «Парасатты азамат » бұрышы мен «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» стенд жасақталды.
Мектеп директоры: А.Габдуллина